$ 446.56
 512.34
 5.3

Астанада жарылған көліктен зардап шеккендердің бірі көз жұмды

Редактор
09.06.2026, 09:06
Фото: видеодан скриншот
Фото: видеодан скриншот
Науқастың денесінің 90-95% күйіп қалған

Астанада көліктің жарылуы салдарынан ауруханаға түскен ер адам көз жұмды, деп хабарлайды қалалық денсаулық сақтау басқармасы.

"Өкінішке қарай, көрсетілген медициналық көмекке қарамастан, жарақаттардың салдарынан науқас қайтыс болды", - дейді дәрігерлер.

Олардың айтуынша, науқастың денесінің 90-95% күйіп қалған. Ол №1 көпсалалы қалалық ауруханасының жансақтау бөліміне жатқызылған.

Еске сала кетейік, 31 мамырда Астанада Аманжолов көшесіндегі автокөлікте газ жарылып, бірнеше адам ауыр жарақат алды. Зардап шеккендердің арасында балалар да бар.