$ 457.21
 534.62
 6.08

Астанада темір жол вокзалында жарылыс болды

14.02.2025, 14:34
astana_brothers/Instagram
astana_brothers/Instagram
Астанадағы ескі вокзал аумағында жарылыс болды деген ақпарат тарады.

Астанадағы ескі вокзал аумағында жарылыс болды деген ақпарат тарады. 

БАҚ-та тараған дерекке қарағанда, жарылыстың дүмпуі нысан маңындағы тұрғын үйлерге сезілген.

Төтенше оқиғаға қатысты «Қазақстан Теміржолы» ұлттық компаниясы баспасөз қызметі ресми хабарлама таратты.

 - 2025 жылдың 14 ақпаны сағат 00:30-да Астана стансасындағы сұрыптау жолында жүк контейнерінде дүмпу болды. Бұрын контейнерде жүк — электр жабдықтары (трансформаторлар, генераторлар) болған. Қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ, - деп жазылған ақпаратта.

Сонымен қатар контейнердің жеке компанияға тиесілі екені айтылады. Уәкілетті органдардың қатысуымен тергеу басталды.