Астанада өзіне қол жұмсамақ болған қыз құтқарылды (ВИДЕО)

Редактор
14.04.2025, 21:36
Астанада өзіне қол жұмсамақ болған қыз құтқарылды (ВИДЕО)
Ол полиция қызметкерлеріне тапсырылды

Астанада өзіне-өзі қол жұмсамақ болған қыз құтқарылды, деп хабарлайды bairaqmedia.kz.

ТЖМ ақпаратына сәйкес, оқиға елорданың Нұра ауданы Қайым Мұхамедханов көшесіндегі көпқабатты үйлердің бірінде болған.

Құтқарушылар жеткен бойда 2000 жылы туған қыз 10 қабатты тұрғын үйдің 4-ші қабатында өзіне-өзі қол жұмсау мақсатында терезе жақтауында тұрғаны анықталды. Жедел-құтқару жасағының құтқарушылары қызбен әңгімелесіп, оның назарын аударды. Осы минуттарда құтқарушылар жедел түрде АИК-90 және  «Өмір текшесін» орналастырды. Құтқарушылардың екінші бөлігі пәтерге кіріп, қызды терезеден ішке кіргізіп алды., – делінген хабарламада.

Оқиғаның мән-жайын анықтау үшін қыз полиция қызметкерлеріне тапсырылды.