Астанада өртенген «7 бочек» тұрғындары қонақүйлерге орналастырылады

Редактор
04.06.2025, 15:10
Астанада өртенген «7 бочек» тұрғындары қонақүйлерге орналастырылады
Сонымен қатар жан-жақты көмек көрсетіледі

Астанада Нұра ауданындағы Сығанақ көшесінде орналасқан тұрғын үйдің сыртқы қаптамасы өртенді, деп хабарлайды Bairaqmedia.kz.

Ақпаратқа сәйкес, бүгін 00:26–да «7 бочек» тұрғын үй кешенінің сыртқы қаптамасының жануы туралы қоңырау түскен. Оқиға орнына дереу Астана қаласының әкімдігі, ТЖД және ПД бірлесіп жедел штаб құрды. ТЖД мен ПД қызметкерлерінің үйлесімді іс-әрекеттерінің арқасында өрт жылдам сөндірілді. Қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ.

Астана қаласының әкімдігі қажет болған жағдайда тұрғындарды қала қонақүйлеріне уақытша орналастыруды ұйымдастырады. Сонымен қатар, жан-жақты көмек көрсетіледі. Сондай-ақ, зақымданған қасбет пен басқа да шығындарды қалпына келтіру жұмыстары жедел түрде басталады, — делінген ведомство хабарламасында.

Әкімдік атап өткендей, ұқсас оқиғалар болған жағдайларда жергілікті атқарушы органдар өрт салдарын жою бойынша барлық қажетті шараны қабылдайды.