Астанада оқу орталығына қатысты полицияға ұжымдық шағым түсті, деп хабарлайды Bairaqmedia.kz.
Ақпаратқа сәйкес, тұрғындардан «Ғасыр» оқу орталығының алаяқтық әрекеттеріне байланысты полицияға ұжымдық шағым түскен.
Тергеу барысында анықталғандай, азаматтар шетелдік жоғары оқу орындарына түсуге дайындық курстарына жазылып, келісімшартқа қол қойып, толықтай төлем жасаған. Алайда көрсетілуі тиіс білім беру қызметтері ұсынылмаған.
Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазір тергеу амалдары жүргізіліп жатыр, – делінген хабарламада.
Тергеу барысы Астана қалалық ПД басшылығының бақылауында.