Астанада Министрлік үйін өртемек болған жас жігіт ұсталды

Редактор
10.07.2025, 19:21
Астанада Министрлік үйін өртемек болған жас жігіт ұсталды
10 шілде күні таңертең Астанадағы Министрліктер үйінде қасақана өртеу белгілері бар оқиға орын алды, деп хабарлайды Bairaqmedia.kz.

Бүгін таңертең Астанадағы Министрліктер үйіне от қоймақ болды, деп хабарлайды Bairaqmedia.kz.

Астана қалалық полиция департаментінің мәліметінше, шамамен сағат 08:00-де Оқу-ағарту министрлігі орналасқан №11 кіреберісте белгісіз адам турникет жаққа тұтанғыш қоспаны лақтырған.

«Оқиға салдарынан өрт шықты. Қалалық Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері отты жедел түрде сөндірді. Зардап шеккендер жоқ, келтірілген шығын нақтылануда», — деп хабарлады полициядан.

Кейін 24 жастағы азамат ұсталып, қасақана өртеу ісі бойынша күдікті ретінде қамауға алынды.

«Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Оқиғаның барлық мән-жайы анықталуда», — деді Астана қалалық ПД баспасөз қызметі.

Министрлік ғимараты қалыпты режимде жұмыс істеп тұр. Күдіктінің әрекетіне не түрткі болғаны анықталуда.