$ 457.21
 534.62
 6.08

Астанада LRT вагондарының сыртына сурет салып кеткен

Редактор
25.06.2025, 14:37
Фото: видеодан скриншот
Фото: видеодан скриншот
Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды

Астанада LRT вагондарының сыртына сурет салғандардың үстінен қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды Bairaqmedia.kz.

Ақпаратқа сәйкес, вагондардың сырты арнайы қорғаныс қабатымен қапталғандықтан, бояу негізгі бетіне сіңбеген. Қазір суретті өшіріп, вагондарды қалыпқа келтіру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Ал граффитиді кім салғаны әзірге белгісіз болып отыр.

Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды.