Астанада кальян ұсынған бірнеше мекеме жауапқа тартылды  

Редактор
16 февр. 2025 г., 00:00
Астанада кальян ұсынған бірнеше мекеме жауапқа тартылды  

Астанада кальян ұсынған бірнеше мекеме жауапқа тартылды, деп хабарлайды Bairaqmedia.kz.

Қала әкімдігінің ақпаратына сәйкес, түнгі аралау барысында 12 жеке тұлғаға және 3 ойын-сауық иесіне 700 мың теңгеден аса көлемде айыппұл салынған.

Байқоңыр ауданында Әкімшілік құқық бұзушылық туралы ҚР Кодексінің 441-бабына сәйкес қоғамдық тамақтану орындарында темекі бұйымдарын, оның ішінде қыздырылатын темекісі бар бұйымдарды, кальянды тұтыну фактілерінің алдын алу және жолын кесу бойынша рейдтік шаралар жалғасып жатыр.  

Жыл басынан бері Байқоңыр ауданында қоғамдық тамақтану орындарында темекі бұйымдарын, оның ішінде қыздырылатын темекісі бар бұйымдарды, кальянды тұтыну бойынша барлығы 49 факті анықталған. Кальян шегетіндерге ҚР ӘҚБтК-нің 441-бабы бойынша айыппұл салынды, – делінген хабарламада.

Мұндай рейдтер қаланың барлық ауданында елорда тұрғындары мен қонақтары арасында құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында тұрақты түрде өткізіліп тұрады.  

Айта кетсек, қоғамдық орындарда кальян шегуге тыйым салуды енгізу туралы қаулы 2013 жылдың 14 наурызында күшіне енген болатын. Заң бұзғандарға 15 АЕК көлемінде айыппұл салынады. Қайталап бұзғаны үшін – 20 АЕК. Ал мекеме иелеріне 20-дан 60 АЕК-ке дейін айыппұл салынады.