Бүгін таңертең Астананың Сарыарқа ауданы Бұланты көшесі бойындағы мансард үлгідегі жатақхананың алты қабатты ғимаратында өрт шықты, деп хабарлайды Bairaqmedia.kz.
Ақпаратқа сәйкес, алғашқы бөлімшелер барған кезде өрт мансарда түріндегі 6-қабатта болып жатқаны анықталды.
Барған сәтте қабат толығымен отқа оранған еді. Дереу газ-түтіннен қорғау қызметінің буындары құрылып, барлау жұмыстары басталды. ТЖМ күштерімен суды үздіксіз жеткізу қамтамасыз етілді. Құтқарушылардың жедел және үйлесімді іс-қимылдарының арқасында 50 адам, оның ішінде 7 бала эвакуацияланды. 490 адам өздігінен қауіпсіз жерге шықты, – делінген ТЖМ хабарламасында.
Өрт 1600 шаршы метр алаңда толығымен сөндірілді.
Өрт орнында өрт зерттеу сынақ зертханасының және ТЖД анықтау бөлімінің қызметкерлері жұмыс істеп жатыр. Зардап шеккендер жоқ.
Өрттің себебі анықталып жатыр.