Астанада ер адам 8-қабаттан құлап, көз жұмды

Редактор
12.06.2025, 22:45
Астанада ер адам 8-қабаттан құлап, көз жұмды
Қайғылы оқиғаның нақты себептері анықталып жатыр

Астанада ер адам «Кернай» тұрғын үй кешенінің 8-қабатынан құлап кетті, деп хабарлайды Bairaqmedia.kz.

Ақпаратқа сәйкес, оқиға орнына медицина қызметкерлері жеткенше, ол көз жұмған.

Тергеу органдары бұл оқиғаның жазатайым жағдай болғанын немесе қасақана жасалған әрекет екенін анықтап жатыр.

Қайғылы оқиғаның нақты себептері мен мән-жайлары әзірге белгісіз. Қазір тексеру жұмыстары жүргізіліп, барлық деректер анықталып жатыр.