Елордалық өрт сөндірушілер өрт кезінде 15 адамды эвакуациялап, 11 газ баллонын шығарды, деп хабарлайды Bairaqmedia.kz.
ТЖМ ақпарына сәйкес, бүгін Астана қаласы Байқоңыр ауданы Таха Хусейн көшесінде екі қабатты жатақхана өртенген.
Шақыру орнына барған өрт сөндірушілер 20 шаршы метр алаңдағы өртті жедел сөндірді. ТЖМ күштерімен түтінді аймақтан 15 тұрғын эвакуацияланып, қауіпсіз аймаққа 11 газ баллоны шығарылды, – делінген хабарламада.
Зардап шеккендер жоқ.