$ 457.21
 534.62
 6.08

Астанада аэродром маңындағы ұшақ апатынан екі адам қаза тапты

Редактор
22.06.2025, 19:12
Фото: kaztag.kz
Фото: kaztag.kz
Апатты тергеу үшін арнайы комиссия құрылды

Астанадағы аэродром маңында ұшақ апатынан екі адам қаза тапты, деп хабарлайды Bairaqmedia.kz.

Көлік министрлігінің мәліметінше, қайғылы оқиға бүгін шамамен сағат 11.30-да Жоламан әуеайлағы маңында болған.

Оқу-жаттығу ұшуын орындау барысында TL-2000 жеңіл моторлы ұшағы авиациялық оқиғаға ұшырады. Бұл ұшақ жеке тұлғаға тиесілі. Алдын-ала мәліметке сәйкес, бортта екі экипаж мүшесі болды. Экипаж мүшелері қайтыс болды, – делінген хабарламада.

Оқиғаны тергеп-тексеру үшін қолданыстағы ережеге сәйкес авиациялық оқиғалар мен инциденттер жөніндегі арнайы комиссия құрылады. 

Көлік министрлігіне қарасты көліктегі оқиғалар мен инциденттерді тергеу департаменті қызметкерлері авиациялық оқиғаға орнына барады.