Астанада жүк көлігі алты жасар баланы басып кетті, деп хабарлайды Bairaqmedia.kz.
Астанадағы Әл-Фараби көшесінде орналасқан тұрғын үй кешендерінің бірінің ауласында алты жасар баланың өмірін қиған қайғылы оқиға болды.
Алдын ала мәліметтерге сәйкес, бала велосипедпен жүрген кезде 38 жастағы жүргізуші тізгіндеген Dongfeng маркалы жүк көлігінің «соқыр аймағына» түсіп қалған. Маневр жасау кезінде жүргізуші баланы байқамай, оны қағып кеткен.
Куәгерлер жедел жәрдем шақырған. Ауыр жағдайда ауруханаға жеткізілген бала алған жарақаттарынан көз жұмды – дәрігерлер өмірін аман алып қала алмады.
Қазір полиция тергеу амалдарын бастады. Алдын ала болжам бойынша, қайғылы жағдай жүргізушінің аулада қозғалыс қауіпсіздігіне көз жеткізбеуінен болған.
Еске сала кетсек, 2 сәуірде Алматыда жүк көлігі 7 жастағы қызды басып кеттіп, салдарынан оқушы оқиға орнында қаза тапқанын хабарлаған болатынбыз. Сондай-ақ, ертеңіне жол-көлік оқиғасы салдарынан 7 жасар бала да мерт болған.