$ 457.21
 534.62
 6.08

Astana LRT ісі: Прокуратура 920 млн теңгенің мүлкін қайтарды

Редактор
08.04.2025, 17:12
Фото: Sputnik / Владислав Воднев
Фото: Sputnik / Владислав Воднев
Қадағалау шараларымен борышкерлер мемлекет балансына жалпы 40 жылжымайтын мүлікті берді

Елорда прокуратурасы мемлекет, оның ішінде жалғыз құрылтайшысы Астана қаласының әкімдігі болып табылатын «City Transportation Systems» ЖШС-нің (бұрынғы «Astana LRT» компаниясының) пайдасына қатысты сот актілерінің орындауларына талдау жүргізді, деп хабарлайды Bairaqmedia.kz.

Қадағалау шараларымен борышкерлер мемлекет балансына жалпы 40 жылжымайтын мүлікті берді, оның ішінде:
 
• 39 тұрғын емес үй-жай;
 
• ауданы 12,8 гектар темір жолдары бар асфальт-бетон зауытының жері.

Қайтарылған активтердің жалпы құны – 920 млн теңге.

Мемлекеттің пайдасына құны 615 млн теңге тұратын тағы 37 мүлік нысаны өндіріліп жатыр. Сонымен қатар, 2023 жылы сотталған «Оператор РОП» ЖШС қызметкерлерінен мемлекет пайдасына тәркіленген қаражаттан 1 млрд теңге көлемінде ақша өндіріліп алынды, – делінген прокуратура хабарламасында.

Осылайша, қабылданған шаралар биыл мемлекет активтерін 1,9 млрд теңгеге толықтыруға мүмкіндік берді.

Бұл бағыттағы жұмыстар жалғасып жатыр.