Астана дәмханаларында кальян шеккен тағы 5 адам жазаланды

Редактор
28.02.2025, 23:25
Астана дәмханаларында кальян шеккен тағы 5 адам жазаланды
Полиция кезекті рет рейд жүргізді

Астана дәмханаларында кальян шеккен тағы бес адам жазаланды, деп хабарлайды Bairaqmedia.kz.

Қала әкімдігінің ақпаратына сәйкес, Астанада кезекті рет кальян шегушілерді анықтау мақсатында түнгі рейд жүргізілген. Сарайшық ауданындағы ойын-сауық мекемелерінде тексеру өтті.

Рейдті аудан әкімдігі мен полиция басқармасының өкілдері жүргізді. Олар қоғамдық орындарда кальянды пайдаланудың алдын алу мақсатында 6 ойын-сауық мекемесін тексерді.

«Екі мекемеде заң бұзушылықтар анықталды. Мекемеге келген 5 тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Айыппұлдың жалпы сомасы 294 900 теңгені құрады», – делінген хабарламада.

Тыйым салынған орындарда кальян пайдаланғаны үшін ойын-сауық мекемелерінің тұтынушыларына ҚР ӘҚБтК-нің 441-бабына сәйкес айыппұлдар өндірілді.