«Астана» баскетбол клубы биылдыққа бәрінен жеңіліп келеді

Редактор
22 янв. 2025 г., 16:17
«Астана» баскетбол клубы биылдыққа бәрінен жеңіліп келеді

Ресейдегі ВТБ лигасында өнер көрсететін «Астана» баскетбол клубы биылғы маусымда әлі бірде-бір жеңіске жеткен жоқ. «1БОЛ» сайтының жазуынша, 26 матч өткізген елордалық команда барлық ойында жеңілген, деп хабарлайды Bairaqmedia.kz.

Кеше өз алаңында «Енисейді» қабылдаған Киселев шәкірттері сөзсіз аутсайдер саналған. Десе де алғашқы екі кезеңде астаналықтар ұпай санымен алға шығып (20:14 22:19), сенсация жасаудың сәл-ақ алдында болды. 

Ал, шешуші үшінші және төртінші кезеңдерде Красноярскіден келген баскетболшылар астаналықтардан бір бас жоғары өнер көрсетіп, қорытынды есепте жеңіске жетті, есеп – 78:63.

«Астана» сапынан ең үздік ойыншы деп Даниель Утоми танылды, ол 15 ұпай жинаған.

Келесі матчты елордалық команда 27 қаңтарда сырт алаңда «Нижний Новгород» клубымен өзара мықтыны анықтайды.

Айта кетейік, команда құрамындағы 16 ойыншының тең жартысы легионер.