Әскерде жүріп комаға түскен Ербаян Мұхтарға операция жасалды

Редактор
13 нояб. 2024 г., 17:40
Әскерде жүріп комаға түскен Ербаян Мұхтарға операция жасалды

Бұл жайында заңгер Инга Иманбай Facebook парақшасында жазды

Пікірде, жекеде Ербаянның жағдайын сұрап, хабарласып жатқан ағайынға мың алғыс. Қазір Ербаянның жағдайы бірқалыпты, Стамбулда емін жалғастырып жатыр. Бірінші тұрған фото бүгін жасалды. Екінші фото Стамбулға келген кезде басына жасалған отадан кейінгі кезі. Құдайға шүкір ота сәтті жасалып, енді реабилитациялық ем-шара, ЛФК процедуралары басталды. Қалпына келу уақытты және біраз шыдамды талап етеді. Оған дайынбыз. Әрі қарай Ербаянның жігері мен дәрігерлердің кәсібилігіне сенеміз. Ербаянымызды іздеп, сұрап, ниеттес болғандарыңызға мың алғыс. Қазірге жаңалығымыз осы. Айтарлықтай өзгеріс, жақсы жаңалығымыз болса міндетті түрде Сіздермен бөлісеміз,-деп жазды Инга Иманбай.

Еске сала кетейік, Алматы қаласында орналасқан 5571 әскери бөлімінде Ұлттық ұланның мерзімді қызметтегі сарбазы  Ербаян Мұхтар былтыр бас сүйек-ми жарақатын алып, комаға түскен. Әскери бөлім жетекшілері


Әскер қатарына алынып, сол жақта жүріп жазым болған Ербаян Мұхтарға операция жасалды. Қазір оның жағдайы қалыпты, деп хабарлайды Bairaqmedia.kz.

Ербаянның дәретханада құлап, жазым болғанын айтқан. Ал, сарбаздың ет жақындары мұнымен келіспеген еді.