Аграрлық азық-түлік нарықтары және ауыл шаруашылығы өнімін қайта өңдеу департаментінің директоры Назгүл Хатепова неге картоп бағасы қымбаттап кеткенін түсіндірді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Сыртқы нарықта картопқа деген сұраныс өте жоғары. Бұл біржағынан ауыл шаруашылығы өнімін өндірушілер үшін жақсы. Өйткені өз өнімдерін тиімді бағада сата алады. Алайда баға ішкі факторға әсерін тигізіп отыр. Яғни сыртқы нарықта жоғары сұраныс болғаннан кейін, ішкі бағада көтеріліп кетті. Бұл мәселені тұрақтандыру үшін картоп экспортына тыйым салынды, - дейді Хатепова Үкімет кулуарында.
Хатепованың сөзінше, еліміздің негізгі қалаларында картоп бағасы тұрақталып келеді.
Тұрақтандыру қорларынан қажетті қорларды тауарлық интервенция ретінде әлеуметтік дүкендерге және нарыққа шығару жұмыстары жүргізіліп жатыр. Қазіргі таңда ірі өндіруші кәсіпорындарда 600 мың тоннадан артық картоп бар. Одан бөлек тұрақтандыру қорларында 68 мың тонна картоп қоймада жатыр. Ал ай сайынғы қажеттілік - 168 мың тонна. Бұл өнім мамыр айына дейін жеткілікті, - деді Ауыл шарушылығы министрлігінің өкілі.
Ол нарықтағы баға 200 теңге болуы керек дейді.