Белгілі боксшы Жанқош Тұраров Парламент отырысында анасын құттықтаған депутат Ардақ Назаровты қолдап, әлеуметтік желіде жазба қалдырды, деп хабарлайды bairaqmedia.kz.
Спортшының пікірінше, халық қалаулысының анасына айтқан ақжарма тілегінде оғаштық жоқ, қайта ол өте орынды әрі жүрекке жылы әсер қалдырған.
"Кез келген ата-ананың ең үлкен арманы – салиқалы ұрпақ! Аллах тағала ер адамның жәннатын анасының табанының астына салып қойған. Анаға қандай құрмет көрсетсе де артық етпейді. Құдайдан үміті бар кез-келген ата-ана баласының дәл осылай мәжілісте отырып құттықтау жолдағанын көрсе армандары жоқ шығар деймін! Баршамызға осындай үлгілі ұрпақ өсіруді нәсіп етсін! Ата-анамыздың қартайған шағында ұрпағының жетістігін көріп, батасын бергеннен асқан бақыт бар ма?! Өте орынды, әсерлі құттықтау болды, ағатай", деп жазды ол.