Асанәлі Әшімовтің келіні өмірден өтті

Редактор
26 янв. 2026 г., 14:18
Асанәлі Әшімовтің келіні өмірден өтті

Қазақстанның Халық әртісі Асанәлі Әшімовтің келіні, Сағи Әшімовтің жұбайы Селімхан Ізімқызы өмірден озды, деп хабарлайды bairaqmedia.kz.

Қаралы хабарды марқұм Асанәлі Әшімовтің жұбайы Бағдат Әшімова жеткізді. 

«Асылымнан айырылып отырғанда, көз жасымызды азайта алмай, жүрегіміз жадап отырғанда тағы бір қайғы шаңырағымызды торлады. Сағидың жары, екі немереміздің анасы Селимхан өмірден озды. 

Аңсарым  мен Майрамның көз жасын сүрту, қайғыда қасында болу, өмір ары қарай жалғасатынын түсіндіру  оңай емес.АЛЛА енді жылатпасын. Селимхан келініміздің жатқан жері жұмақтың төрі болсын»,- деп жазды Бағдат Әшімова