Артық құрылымдарды, артық адамдарды қысқарту қажет – Олжас Бектенов

Редактор
26 февр. 2025 г., 15:24
Артық құрылымдарды, артық адамдарды қысқарту қажет – Олжас Бектенов
Премьер-министр Әділет министрлігінің қызметіндегі орынсыз шығындарды азайту қажеттігін атап өтті

Үкіметінің отырысында премьер-министр Олжас Бектенов Әділет министрлігінің қызметіндегі орынсыз шығындарды азайту қажеттігін атап өтті, деп хабарлайды Bairaqmedia.kz..

Ол шығындарды оңтайландыру цифрлық технологияларды енгізу арқылы іске асырылуға тиіс екенін баса айтты. Бұл тәсіл министрлік жұмысының тиімділігін арттыруға бағытталған.

«Мен сіз атап өткен жаңа тәсілдерді толығымен қолдаймын. Цифрландыру арқылы артық шығындар мен қажетсіз құрылымдарды, артық адамдарды қысқарту қажет. Нәтижесінде, жалпы мемлекеттік аппараттың тиімділігі артады. Бұл барлық мемлекеттік органға қатысты», – деді премьер-министр.