$ 476.75
 541.59
 6.06

Аргентинада тікұшақ апатынан жеті адам қаза тапты

Редактор
30.07.2026, 09:04
Фото: oxu.az
Фото: oxu.az
Тікұшақ орман өртін сөндіру үшін әуеге көтерілген.

Аргентинаның Сан-Хуан провинциясында өрт сөндіру жұмыстарына пайдаланылған тікұшақ апатқа ұшырап, салдарынан жеті адам қаза тапты, деп хабарлайды Вairaqmedia.kz.

Бұл туралы Аргентинаның Төтенше жағдайлар жөніндегі федералдық агенттігі мен өңір үкіметі хабарлады.

«Бүгін таңертең Төтенше жағдайлар жөніндегі федералдық агенттік жалдаған Bell 412 тікұшағы Сан-Хуан провинциясындағы Исчигуаласто саябағы ауданында апатқа ұшырады», – делінген агенттік таратқан мәлімдемеде.

Өңірлік билік өкілдері апат салдарынан жеті адамның көз жұмғанын мәлімдеді.

Төтенше жағдайлар жөніндегі федералдық агенттіктің мәліметінше, тікұшақ Ла-Риоха провинциясына орман өртін сөндіруге көмек көрсету үшін бағыт алған. Апат орны басқа әуе кемесінің көмегімен анықталған. Қазіргі уақытта апаттың себептері тергеліп жатыр.

Соңғы жаңалықтар

Барлығын қарау