«Арам ниетті адамдардың құрбаны»: Қуандық Бишімбаевтың қарындасы ағасы туралы жазба жариялады

Редактор
22.04.2025, 20:13
«Арам ниетті адамдардың құрбаны»: Қуандық Бишімбаевтың қарындасы ағасы туралы жазба жариялады
Ол экс-министрді туған күнімен құттықтады

Азаматтық некедегі әйелі Салтанат Нүкенованы өлтіргені үшін 24 жылға сотталған Қуандық Бишімбаевтың қарындасы әлеуметтік желідегі парақшасында ағасын туған күнімен құттықтады, деп хабарлайды Bairaqmedia.kz

Бауырының 45 жасқа келгенін жазған Аружан Бишімбаева оған жүрекжарды тілегін де арнаған. Экс-министрдің қарындасы түрмедегі ағасына «сұмырайлар мен сатқындардың әрекетіне қарсы тұра алатын денсаулық пен төзімділік» тіледі.

Бауырым бүгін 45-ке келді. Сұмырайлар мен сатқындардың әрекетіне қасқайып қарсы тұра алатын денсаулық пен төзімділік тілеймін. Әділдік орнасын. Бүгінде оны бәрі зұлым етіп көрсетіп отыр. Бірақ, уақыт келе оның арам ниетті адамдардың құрбаны болғанын түсінер, – деп жазды Аружан Бишімбаева.

Айта кетейік, Қуандық Бишімбаев 1980 жылы 11 сәуірде дүниеге келген.