Ақтөбе тұрғыны ішкі органдарын 15 млн теңгеге сатпақ болған

Редактор
15.05.2025, 21:25
Ақтөбе тұрғыны ішкі органдарын 15 млн теңгеге сатпақ болған
Сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды

Ақтөбе тұрғыны ішкі органдарын 15 млн теңгеге сатпақ болған, деп хабарлайды Bairaqmedia.kz.

Ақпаратқа сәйкес, әлеуметтік желіге орналастырылған жарияланымдарға мониторинг жүргізу барысында Ақтөбе қаласының тұрғыны өзінің ішкі органдарын сатуы бойынша ықтимал заңсыз мәміле жасау туралы ақпарат алынған. Алынған мәліметтер негізінде облыс прокуратурасының қаулысына сәйкес облыстық полиция Департаментімен жедел-іздестіру іс-шаралары жүргізілді.
 
2025 жылдың 30 сәуірінде облыс прокуратурасымен бастамашылық жасалған жедел-іздестіру іс-шарасы аясында Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері жалпы соммасы 15 млн теңгеге адамның ішкі органдарын сату бойынша заңсыз мәміле жасамақ болған күдікті ұсталды.

Аталған фактісі бойынша Қылмыстық кодекстің 116-бабының 1-бөлігімен («Адамның ағзалары мен тiндерiн алып қоюға мәжбүрлеу немесе заңсыз алып қою») сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталып, тергеу амалдары жүргізіліп жатыр, – делінген хабарламада.

Бұл бағытта жұмыстар жалғасып жатыр.