$ 457.21
 534.62
 6.08

«Ақтөбе» ФК басшылығы үстінен 3 қылмыстық іс қозғалды

Редактор
30.04.2025, 19:07
Фото: fc-aktobe.kz
Фото: fc-aktobe.kz
Аса ірі көлемде ақша жымқырылған

«Ақтөбе» футбол клубында 250 млн теңгенің жымқырылуы анықталды, деп хабарлайды Bairaqmedia.kz.

Облыс прокуратурасы «Заң және Тәртіп» тұжырымдамасы аясында Бас прокуратураның тапсырмасымен «Ақтөбе» ФК-ның қызметіне тексеру жүргізіп, аса ірі көлемдегі қаржылық бұзушылықтарды әшкереледі.

Нақты қандай заңбұзушылықтар тіркелді?

  • Ойыншылардың трансферіне және әуе тасымалына қатысты күмәнді мәмілелер жасалған;

  • Тамақтануға бөлінген қаржы — клуб қызметкерлерінің жеке қажеттіліктеріне жұмсалған.

Тексеру нәтижесінде келесі баптар бойынша 3 қылмыстық іс қозғалды:

  • ҚК 189-бабы, 4-бөлік, 2-тармақ — аса ірі мөлшерде сеніп тапсырылған бөтен мүлікті жымқыру;

  • ҚК 361-бабы, 4-бөлік, 1-тармақ — лауазымдық өкілеттікті теріс пайдалану;

  • ҚК 190-бабы, 4-бөлік, 2-тармақ — аса ірі мөлшердегі алаяқтық.

Қылмыстық істер Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметке жолданды. Тергеу амалдары облыс прокуратурасының тікелей бақылауында.