Ақтаудағы әуе апаты бойынша алдын ала тергеу мәліметі келесі аптада жарияланады.
Бұл туралы премьер-министрдің орынбасары Қанат Бозымбаев Үкіметте өтіп жатқан БАҚ өкілдерімен кездесу кезінде айтты.
«Ақтаудағы ұшақ апатының алдын ала қорытындысы келесі апта аяқталады. Бұл – үлкен халықаралық жұмыс. Келесі аптада алдын ала бөлім жарияланады деп үміттенеміз», - деді Қанат Бозымбаев.
Оның айтуынша, қазіргі уақытта Әділет министрлігі жанындағы сот сараптамасы тиісті жұмыстарды жүргізіп жатыр.
Сондай-ақ ол ұшақ апатынан қаза тапқан отбасыларына 5 млн теңгеден төленгенін хабарлады.
«Қаза тапқандардың отбасыларына Үкімет тарапынан материалдық көмек көрсетілді. Атап айтқанда, әрбір көз жұмған адамға 5 млн теңге өтемақы берілді. Жерлеу рәсімдеріне көмек көрсетілді. Демеушілердің көмегімен келесі апта тағы да көмектер беріледі», - деді ол.