Ақтауда құлаған Әзербайжан ұшағын Ресейдің «Панцирь-С» зымыраны атып түсірген, деп хабарлайды Bairaqmedia.kz.
Бұл мәліметті Әзербайджан билігі растады. Бакуде бұл зымыранның бір фрагменті бар. Ол 25 желтоқсанда Ақтауда құлаған ұшақтан алынған.
Бұл туралы Reuters агенттігі Әзербайджан үкіметіндегі дереккөзге сілтеме жасай отырып хабарлады. Ал алдын ала тергеу қорытындысында, фюзеляжындағы зақымдар сыртқы объектілердің ұшаққа енгенін айғақтайды деп көрсетілген. Бірақ онда «Панцирь-С» зениттік зымыран кешендері немесе басқа да зымырандар туралы мәліметтер жоқ.
Дереккөз: Tiek телеграм-арнасы.