Ақпан айынан бастап бензин қымбаттайды

Редактор
28 янв. 2025 г., 21:36
Ақпан айынан бастап бензин қымбаттайды

Ақпан айынан бастап елімізде жанар-жағармай мен газ қымбаттайтын болды, деп хабарлады Bairaqmedia.kz.

Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев ақпан айынан бастап бензин, дизель, сұйытылған газ бағасы өсетінін мәлімдеді.

Оның айтуынша, мұнай өнімдерінің бағасы бойынша президент жанындағы кеңес шешім қабылдап қойған. Жанар-жағармай ғана емес, сұйытылған мұнай газының бағасы да кезең-кезеңмен өседі. 

«Мұндағы басты ұстаным бағаны бақылаудың нормативтік және әкімшілік шараларын үкіметте қалдыруға бағытталған. Яғни, аталған әлеуметтің маңыздағы тауарлар бағасының күрт өсуі болмайды», – деді ол.
Алайда министр бензин бағасының нақты қаншаға қымбаттайтын айта алмады,

"Нарық қаншаға көтереді. Сол баға болады. Қазір біз саудаласып жатырмыз. Сол бағаның өсімінің көбінде біз бюджетті акцизбен алып кетуіміз керек. Бюджеттің ертең жақсы кірісі болады", – дейді Жұманғарин.