«Ақордаға бару – арманым»: Шайдоров Тоқаевпен кездесуді асыға күтіп жүргенін айтты

Редактор
17 февр. 2026 г., 15:25
«Ақордаға бару – арманым»: Шайдоров Тоқаевпен кездесуді асыға күтіп жүргенін айтты

Мәнерлеп сырғанаудан Олимпиада чемпионы Михаил Шайдоров Ақордаға баруды көптен армандап жүргенін және ел президентімен алдағы кездесуін асыға күтетінін айтты, деп хабарлайды Jibek Joly телеарнасы.

"Біріншіден, Ақордаға бару – менің арманым. Білмеймін, мен Ақорда туралы деректі фильмдерді көптен бері көріп келемін, ол туралы көп оқыдым және сонда баруды армандадым. Енді міне, оған жеттім! Бірақ президентпен не туралы әңгімелесетінімді айтпаймын", - деді мәнерлеп сырғанаушы.