БҚО-да мемлекеттік мекеме директоры бюджет қаржысын жымқырған, деп хабарлайды Bairaqmedia.kz.
Антикор мәліметінше, «Орал қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің өмірлік қиын жағдайға қалған адамдарды қайта әлеуметтендіруге арналған ортылығы» КММ-нің директорына қатысты сотқа дейінгі тергеу аяқталған.
Күдікті электр жабдықтарын ағымдағы жөндеу жұмыстары бойынша жалған актілерге қол қойып, еңбек қызметін іс жүзінде орындамаған адамдарға жалақы есептеу арқылы 2024 жылғы ақпан мен желтоқсан аралығында жалпы көлемі 11,5 млн теңге бюджет қаражатын жымқырды деп айыпталып отыр, – делінген хабарламада.
Айыпталушы сотқа тартылды.
Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды.