«Аналар саулығы» бағдарламасы аясында фертильді жастағы әйелдер 12 зерттеп-қараудан МӘМС шеңберінде өте алады. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрі Ақпарал Әлназарова айтты, деп хабарлайды Bairaqmedia.kz.
Ведомство басшысының айтуынша, 2024 жылы ана өлімінің көрсеткіші 12%-ға төмендеген. Ол анадан айырылуға әсер ететін негізгі фактор әйелдердің экстрагениталдық аурулары және прегравидалдық дайындықтың төмен болуы екенін атап өтті.
Министрлік әйелдердің денсаулығын нығайту, перинаталдық нәтижелерді жақсарту, жүктілікті жоспарлауға өркениетті және ақылға қонымды тәсіл үшін «Аналар саулығы»арнайы бағдарламасын бекітті.
Бағдарламаның шеңберінде елде алғаш рет жүктілікті жоспарлайтын фертилдік жастағы әйелдер МӘМС шеңберінде 12 базалық зерттеп-қараудан өтеді, патология анықталған кезде оларға сауықтыру бағдарламалары ұсынылады
«Маңызды бағдарламаның іске асырылуын тиісті бақылауға алуды және ағымдағы жылдың соңына дейін 50%-ға дейін прегравидарлық дайындықпен қамтуды қамтамасыз етуді сұраймын. Атап айтқанда, әйелдердің арасында сырқаттанушылықтың жоғары деңгейі байқалатын өңірлердегі жұмысты күшейту қажет», – деді ведомство басшысы өңірлік денсаулық сақтау басқармаларының басшыларына сөйлеген сөзінде.