Алматыдан 234 шақырым қашықтықта жер сілкінісі тіркелді деп хабарлайды bairaqmedia.kz
Зілзаланы 12 мамырда таңғы сағат 06:33-те Төтенше жағдай министрлігі Ұлттық сейсмологиялық бақылау ғылыми орталығының сейсмикалық станциялар желісі тіркеді.
Жер сілкінісінің эпицентрі Алматы қаласынан оңтүстік-батысқа қарай 234 шақырым жерде, Қырғызстан аумағында орналасқан. Тереңдігі – 10 шақырым. Жерасты дүмпуінің энергетикалық класы – 10,4. MPV магнитудасы – 4,8, – делінген хабарламада.
Жер сілкінісі Қазақстан аумағында айтарлықтай сезілмеген. Десе де, көршілес Қырғызстанда жер сілкінісі сезілген.
Қырғызстан Ұлттық ғылым академиясының Сейсмология институтының мәліметінше, магнитудасы 4,3 болатын жер сілкінісінің ошағы Жаны-Талап ауылынан солтүстік-батысқа қарай 9 шақырым жерде орналасқан.
Қырғызстанның елді мекендерінде жер сілкінісінің қуаты: Жаны-Талап, Ақ-Кыя, Көк-Жар ауылдарында – 3,5 балл; Кыдыралы, Сары-Иймек, Байченчек ауылдарында – 3 балл.