Алматыда үйдің кіреберісінен табылған нәрестенің анасы анықталды

Редактор
31 янв. 2025 г., 21:00
Алматыда үйдің кіреберісінен табылған нәрестенің анасы анықталды

Алматыда полиция жаңа туған сәбиін үйдің кіреберісіне тастап кеткен әйелді ұстап, ауруханаға жатқызды, деп хабарлайды Bairaqmedia.kz.

Жедел-іздестіру шараларының нәтижесінде нәресте анасының жеке басы анықталды. Оны ұстағаннан кейін медициналық көмек беру үшін қалалық ауруханалардың біріне жатқызылды.

Қауіпті жағдайда баланы тастап кету дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Оқиғаның себебі мен мән-жайы анықталып жатыр, – делінген хабарламада.

Еске сала кетсек, кеше жергілікті тұрғындар Чернышевский көшесіндегі үйлердің бірінің ауласынан нәрестені тауып алған болатын.

Жедел жәрдем қызметкерлерінің айтуынша, нәрестенің дүниеге келгеніне бір-екі сағат қана болған. Нәресте ауруханаға жатқызылды.