Алматыда такси жүргізушісін ұрған ер адам ұсталды, деп хабарлайды Bairaqmedia.kz.
Ұрып-соғу фактісі бойынша Алматы қаласының полициясы прокуратурамен бірлесіп, жедел-іздестіру іс-шараларының кешенін жүргізді. Нәтижесінде қаланың 19 жастағы тұрғынына қатысты заңсыз әрекеттер жасады деген күдікпен 32 жастағы ер адам анықталып, ұсталды.
Күдікті полицияға жеткізілді. Онда қазір тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Ол өз кінәсін мойындады, – делінген хабарламада.
Осы факті бойынша қылмыстық іс қозғалды, тергеу жалғасып жатыр. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Алматы полициясы заңбұзушылықтың әрбір фактісіне қатаң құқықтық баға берілетінін атап өтті.