Алматыда студент университет ғимаратынан құлап көз жұмды

Редактор
31.07.2025, 14:00
Алматыда студент университет ғимаратынан құлап көз жұмды
Әлеуметтік желіде 1-курс студенті Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ ректоратының ғимаратында 14-қабаттан секіргені туралы ақпарат тарады.

Әлеуметтік желіде 1-курс студенті Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ ректоратының ғимаратында 14-қабаттан секіргені туралы ақпарат тарады. 

Алматы қаласының полиция департаменті бұл дерек растап, қылмыстық іс қозғады.

Аталған дерек бойынша Бостандық аудандық полиция басқармасы қылмыстық іс қозғады. Қазіргі уақытта оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр. Алдын ала мәлімет бойынша, оқиғаға тұрмыстық себептер түрткі болған. Азаматтардан жалған ақпарат таратпауға және тек ресми дереккөздерге сүйенуге шақырамыз, – деп хабарлады департаменттен.