Алматыда спорт пен туризмді дамыту жолдары талқыланды

Редактор
11.04.2025, 21:48
Алматыда спорт пен туризмді дамыту жолдары талқыланды
Спорт пен туризм саласын дамытуға бағытталған шара Қазақ спорт және туризм академиясында ұйымдастырылды деп хабарлайды bairaqmedia.kz

Спорт пен туризм саласын дамытуға бағытталған шара Қазақ спорт және туризм академиясында ұйымдастырылды деп хабарлайды bairaqmedia.kz

«Дене шынықтыру, спорт, туризм, білім және ғылымды дамытудың басым ғылыми-педагогикалық бағыттары» III Халықаралық Форумына дене шынықтыру мен спорт саласындағы жетекші ғалымдар, жоғары оқу орындарының оқытушылары мен жас ғалымдары, магистранттар мен докторанттар, білім беру ұйымдарының басшылары, әдіскерлері мен педагогтары, туристік қызметтер саласындағы мамандар қатысты. 

Ал, халықаралық жетекші ғалымдар, зерттеушілер, Ұлттық Ғылым академиясының өкілдері баяндама жасады.

Форум аясында бірыңғай мақсатпен байланысты 5 түрлі іс-шара өтті. Яғни,

«Қазақстандағы педагогикалық ғылым. Шешу жолдары: даму перспективалары» ҚР Ұлттық Ғылым академиясының жас ғалымдар кеңесі мүшелерінің қатысуымен дөңгелек үстел болды. «Қазақстанда тұрақты және белсенді туризмді дамытудың инновациялық тәсілдері: цифрландыру, инклюзия және кадрлық әлеует» тақырыбында туризм саласындағы мамандардың, жас ғалымдардың, қызметкерлердің қатысуымен шара өтті. Шақырылған қонақпен Брейн-ринг - Байтұрсынов Серік Самұратұлы, ҚР еңбек сіңірген жаттықтырушысы, ҚР халықаралық дәрежедегі спорт шебері, КСРО ағарту үздігі, ҚазКСР ағарту үздігі.  «Қонақжайлылық шебері» байқауы. Стартаптар байқауы. Сондай-ақ,   «дене шынықтыру, спорт, туризм және білім беру тәжірибесінің өзекті  мәселелері» атты ІІІ халықаралық ғылыми-практикалық конференция. 

Сонымен қатар, ғалымдарды ынталандыру және қолдау шеңберінде былтырдан бастап ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізу үшін Қазақ спорт және туризм академиясында ректордың грантына жыл сайынғы конкурс жарияланды. Осы форум аясында 2025 жылғы байқау жеңімпаздары марапатталды. 

Форум жұмысының қорытындысы бойынша «Дене шынықтыру, спорт, туризм және білім беру практикасының өзекті мәселелері» атты ІІІ Халықаралық ғылыми-практикалық конференция материалдары атты дербес басылым жарияланады.