Биыл Алматы қаласында 1800-ден астам мопед айыппұл тұрағына қойылды, деп хабарлайды Bairaqmedia.kz..
Polisia.kz мәліметінше, қалада «Қауіпсіз жол» республикалық жедел алдын алу іс-шарасы басталған. Жолдарда апатты жағдайды тұрақтандыру мақсатында жол-көлік оқиғаларының алдын алу және болдырмау бойынша бірқатар шара атқарылған. Жазатайым оқиғалардың жай-күйіне көліктердің баламалы түрлерінің: мопедтер мен электрсамокаттардың танымал болуы әсер етеді.
Жыл басынан бері мопедтің қатысуымен 930 жол-көлік оқиғасы тіркелді. Салдарынан 953 адам зардап шегіп, 15 адам қаза тапты. Ал самокаттардың қатысуымен 127 ЖКО болды. 133 адам зардап шекті, абырой болғанда, қаза тапқандар жоқ, деді Алматы қалалық ПД жергілікті полиция қызметі басқармасы бастығының орынбасары Тимур Ноғайбаев
Сондай-ақ, жыл басынан бері жол қозғалысы ережесін бұзғаны үшін 31 894 мопедист пен 28 762 самокат пайдаланушысы әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Мамандандырылған айыппұл тұрағына 1800-ден астам мопед қойылды.