Әлеуметтік желіде Алматыдағы жантүршігерлік жол апатының видеосы тарады. Қатты жылдамдықпен келе жатқан мотоцикл жүргізушісі жол бойындағы екі жұмысшыны қағып өлтірді деп хабарлайды bairaqmedia.kz
Желіде тараған видеодан мотоцикл жүргізушісінің қатты жылдамдықпен келе жатып, жеңіл көлікке соғылғанын көруге болады. Салдарынан мотоцикл жол жиегіне шығып кетіп, онда тазалық жұмыстарын жүргізіп жатқан үш жұмысшыны, екі ер адам мен әйелді қағып кеткен. Ер адамдар оқиға орнында көз жұмған, ал әйел ауруханаға жеткізілді
Оқиға орнында екі жаяу жүргінші (2 ер адам) көз жұмды. Әйел ауыр хәлде ауруханада жатыр. Екі адамның өліміне әкеп соққан жол апаты бойынша қылмыстық іс қозғалды, - деп хабарлады Алматы қалалық Полиция департаменті