Алматыда күш өлшейтін 200-ден аса ойын аппараты бұзылды

Редактор
18.03.2025, 19:14
Алматыда күш өлшейтін 200-ден аса ойын аппараты бұзылды
Мемлекеттік жер қорында заңсыз тұрғызылған күрделі құрылымды мәжбүрлеп бұзу үшін сотқа талап-арыз жіберілді

Алматыда көшедегі заңсыз сауданы жою мақсатында 306 заңсыз орнатылған стационарлық емес сауда нысаны мен 222 ойын-сауық аппараты бұзылды, деп хабарлайды Bairaqmedia.kz.

Сонымен қатар, мемлекеттік жер қорында заңсыз тұрғызылған 32 күрделі құрылымды мәжбүрлеп бұзу үшін сотқа талап-арыз жіберілді.

Қалған 139 СЕСН-ді бұзу жұмыстары биыл 31 наурызға дейін аяқталады. Қазір коммуналдық қызмет бұл нысандардың заңсыз қосылған инженерлік желілерін өшіру жұмыстарын жалғастырып жатыр, – делінген әкімдік хабарламасында.
 
Еске сала кетсек, Алматы әкімі Ерболат Досаевтың тапсырмасымен 2025 жылдың 4 ақпанынан бастап Кәсіпкерлік және инвестициялар басқармасы жұмыс тобымен бірлесіп, өздігінше орнатылған СЕСН-дерді жою жұмыстарын бастаған болатын.