$ 457.21
 534.62
 6.08

Алматыда кибералаяқтықпен айналысқан шетелдіктер ұсталды

Редактор
03.04.2025, 15:22
Фото: depositphotos.com/EvgeniyShkolenko
Фото: depositphotos.com/EvgeniyShkolenko
 Күдіктілер екі ай мерзімге қамауға алынды

ҚМА Алматы қаласы бойынша департаменті Авиациялық көлік прокуратурасының үйлестіруімен үш шетелдік азаматты ұстап, жалға алған пәтерде тінту жүргізу барысында алты SIM-бокс анықтап, тәркіледі, деп хабарлайды Bairaqmedia.kz.

Бұл құрылғылар алаяқтық схемаларда кең көлемде қоңыраулар жасау, хабарламалар жіберу және абоненттік нөмірлерді өзгерту үшін қолданылады.

Сондай-ақ, әртүрлі мобильді операторлардың 5 мыңнан астам SIM-картасы тәркіленді.

Аталған тұлғаларға қатысты ҚР Қылмыстык кодексінің 213-бабы 2-бөлігі бойынша – «ұялы байланыс абоненттік құрылғысының идентификациялық кодын заңсыз қолдану, абонентті сәйкестендіру құрылғысын заңсыз өзгерту және идентификациялық кодты өзгертуге арналған бағдарламаларды жасау, пайдалану, тарату» қылмыстық іс тіркелді, – делінген хабарламада.

 Күдіктілер екі ай мерзімге қамауға алынды. Олардың интернет-алаяқтыққа қатыстылығы тексеріліп жатыр.