$ 457.21
 534.62
 6.08

Алматыда жолаушылар автобусы ғимаратқа соғылды

Редактор
20.06.2025, 16:00
Фото: t.me/kris_p_almaty_official
Фото: t.me/kris_p_almaty_official
Қазір оқиғаның себептері анықталып жатыр

Бүгін Алматыда жолаушылар автобусы қатысқан жол-көлік оқиғасы болды, деп хабарлайды Bairaqmedia.kz.

Оқиға Жандосов және Яссауи көшелерінің қиылысында болған. Алдын ала мәлімет бойынша, автобус жүргізушісі тізгінге ие бола алмай, ғимаратқа соғылған.

Қазір оқиғаның себептері анықталып жатыр. Тергеу амалдары басталды.

Жарақат алғандар туралы нақты ақпарат түскен жоқ.