Алматыда жолаушы әуежай қызметкерін кепілге алды

Редактор
07.03.2025, 18:13
Алматыда жолаушы әуежай қызметкерін кепілге алды
Ер адам әуежай қызметкерін шашынан ұстап, пышақпен қорқытқан

Алматы әуежайында жолаушы қызметкер әйелді кепілге алды, деп хабарлайды Bairaqmedia.kz.

Алматы халықаралық әуежайының мәліметінше, оқиға бүгін 11:45-те болған. Ішкі рейстер терминалында ер адам жолаушы ретінде ұшу алдындағы тексеру аймағына барған. Авиациялық қауіпсіздік қызметкерлері ер адамнан құжатын көрсетуді өтінген кезде ол әуежай қызметкерін шашынан ұстап, пышақпен қорқытқан.

7 минуттан кейін ер адамды әуежай аумағындағы полицияның желілік бөлімінің қызметкерлері ұстады. Қазір ер адам полицияның желілік бөлімінде және бұл оқиғамен құқық қорғау органдарының қызметкерлері айналысып жатыр, – делінген хабарламада.