Алматыда жекеменшікке заңсыз берілген университет жатақханасы қайтарылды

Редактор
21.05.2025, 17:10
Алматыда жекеменшікке заңсыз берілген университет жатақханасы қайтарылды
Бүгінде ғимарат бизнестің түрлі салаларының қызмет көрсетуіне жалға беріліп отыр

Алматы қаласының аудан прокуратурасы Қаныш Сәтбаев атындағы ҚазҰТЗУ жатақханасын қайтарды, деп хабарлайды Bairaqmedia.kz.
 
Ақпаратқа сәйкес, Түрксіб ауданының прокуратурасы «Қаныш .Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университеті» КЕАҚ мүлкін заңсыз иеліктен шығарылғанын анықтаған.

Тұрғын-үй алаңының жетіспеушілігіне қарамастан, университеттің бұрынғы басшылығы тиісті тендер ұйымдастырмастан және өткізбестен жалпы ауданы 2500 шаршы метрден астам жатақхананы жеке ЖОО-ға заңсыз жалға пайдалануына берген. Кейіннен мәміле жасасу кезінде қолданыстағы заңнама талаптарын бұза отырып ЖОО осы үй-жайды сатып алған, – делінген прокуратура хабарламасында.

Бүгінде әкімшілік корпустың жатақханасы мақсатына қарай пайдаланылмай, бизнестің түрлі салаларының қызмет көрсетуіне жалға беріліп отыр.

Соттардың заңды күшіне енген шешімдерімен, Түрксіб ауданы прокуратурасының талап-арызы бойынша даулы әкімшілік ғимараты ұлттық университетке қайтарылды, – делінген хабарламада.