Алматыда жаңа туған нәрестені сатпақ болған қылмыстық топ ұсталды

Редактор
04.06.2025, 22:50
Алматыда жаңа туған нәрестені сатпақ болған қылмыстық топ ұсталды
Тергеу амалдары жүргізіліп жатыр

Алматыда жаңа туған нәрестелерді сатқан қылмыстық топ ұсталды, деп хабарлайды Bairaqmedia.kz.

Қалалық полиция департаментінің мәліметінше, қаскөйлер бірнеше жылдан бері әлеуметтік желіні өз мақсатына пайдаланған.

Қылмыстық топ мүшелері жаңа туған ұл баланы қомақты ақшаға сатып жатқан жерінен қолға түсті. Сәби мемлекет қамқорлығына беріліп, тиісті мекемеге орналастырылды, – делінген хабарламада.

Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалып, күдіктілер қамауға алынды. Тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.