Алматыда ғарышкер Талғат Мұсабаевпен қоштасу рәсімі басталды.
Қоштасу Офицерлер үйінде өтіп жатыр. Оған Халық қаһарманының отбасы мен жақындары, мемлекет және қоғам қайраткерлері, қала тұрғындары қатысып жатыр.
Тарихи тұлғамен қоштасу рәсімі Алматыдағы Офицерлер үйінде ұйымдастырылды.

Аңызға айналған ғарышкермен қоштасу рәсімінен кейін 28 гвардияшы-панфиловшылар атындағы саябақтағы алаңда жаназа оқылады.
Еске салайық, Талғат Мұсабаев 4 тамызда 74 жасында дүниеден өтті.