Алматыда есірткі жарнамасын таратқан ер адам ұсталды

Редактор
12.05.2025, 20:21
Алматыда есірткі жарнамасын таратқан ер адам ұсталды
Алматыда қабырғаларға есірткі сататын сайттардың жарнамасын жазып жүрген ер адам ұсталды деп хабарлайды bairaqmedia.kz

Алматыда қабырғаларға есірткі сататын сайттардың жарнамасын жазып, әрі таратып жүрген ер адам ұсталды деп хабарлайды bairaqmedia.kz

Жеке тінту кезінде одан бояулар мен ұялы телефон тәркіленген.

Есірткі жарнамасымен айналысқан ер адамға қатысты қылмыстық іс қозғалды. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалған. Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Полиция, есірткі заттарды, оның ішінде граффити түрінде насихаттауға және жарнамалауға қатысу қылмыстық жауапкершілікке және бас бостандығынан айыру түріндегі жазаға тартылатынын еске салады, - деді Алматы қалалық ПД есірткі қылмысына қарсы күрес басқармасының бастығы Мұрат Жұмабаев.