Алматыда дүлей дауыл: тұрғын үйлер бүлініп, жарық өшті

Редактор
08.04.2025, 15:38
Алматыда дүлей дауыл: тұрғын үйлер бүлініп, жарық өшті
Алматыда кеше кешкісін дүлей дауыл тұрып, арты нөсер жаңбырға ұласты. Желдің екпіні секундына 18 метрге дейін жетті, деп хабарлайды bairaqmedia.kz
Алматыда кеше кешкісін дүлей дауыл тұрып, арты нөсер жаңбырға ұласты. Желдің екпіні секундына 18 метрге дейін жетті, деп хабарлайды bairaqmedia.kz

Қалада жалпы саны 28 ағаш құлаған. Оның үшеуі үйлерге түсіпті. Мұнымен қоса, бірқатар үйдің шатыры зақымданған және құрылыс алаңында қоршау құлап кеткен бір оқиға тіркелді.

Сағат 19:30-дан бастап Алматы қаласында екпінді желмен, найзағаймен қоса қысқа мерзімді нөсерлі жаңбыр басталды, ол араға үзік-үзік уақыт салып 8 сәуір түнгі сағат 02:00-де аяқталды. Сағат 21:00-дегі жағдай бойынша қаланың әртүрлі бөліктерінде 2-ден 6 мм-ге дейін жауын-шашын тіркелді. Түнгі уақытта 376 бірлік арнайы техника жұмылдырылды, оның ішінде 255-і "Алматы Тазалық" МКК және 121-і жеке мердігерлік ұйымдардан. 395 жол жұмысшысы жұмыс істеді", – деп хабарлады Алматы қаласының әкімдігі. 

Сондай-ақ, жергілікті су тасқынының алдын алу және жою үшін қажетті жабдықтармен жабдықталған 42 жедел бригаданың жұмыс істегені хабарланды.