Алматыда 6 қабатты ғимарат өртенді

Редактор
02.04.2025, 14:36
Алматыда 6 қабатты ғимарат өртенді
Өрт сөндірушілердің жедел баруына қарамастан, өрт өршіп кеткен

Алматы қаласы Жетісу ауданы Новгородская көшесі бойында орналасқан 6 қабатты әкімшілік ғимарат өртенді, деп хабарлайды Bairaqmedia.kz.

Өрт сөндірушілердің жедел баруына қарамастан, өрт өршіп кеткен. Ғимараттың шатыры мен қаптамасы толығымен жалындап жанып кетті.

Өрттің таралуына лак-бояу өнімдері бар ыдыстардың жарылысы, сондай-ақ өрт туралы кеш хабарлау ықпал етті. Өртті сөндіру ғимарат ішіндегі үлкен жанғыш жүктемемен, атап айтқанда лак-бояу өнімдерінің болуымен күрделенеді, – делінген ТЖМ хабарламасында.

Өрт орнында Алматы қаласы ТЖД бастығы полковник Нұрлан Атығаевтың басшылығымен жедел өрт сөндіру штабы жұмыс істеп жатыр. Үздіксіз су беру ұйымдастырылды. Сондай-ақ өртті сөндіруге ТЖМ автопоезд тартылды.

Зардап шеккендер туралы ақпарат түскен жоқ.