Алматы облысындағы Бартоғай су қоймасынан тасқын қаупі төнгені рас па?

Редактор
04.05.2025, 18:42
Алматы облысындағы Бартоғай су қоймасынан тасқын қаупі төнгені рас па?
Алматы облысындағы Бартоғай су қоймасынан қауіп төнгені туралы ақпарат расталған жоқ. Бұл туралы Еңбекшіқазақ ауданының әкімдігі мәлімдеді деп хабарлайды bairaqmedia.kz

Алматы облысындағы Бартоғай су қоймасынан қауіп төнгені туралы ақпарат расталған жоқ. Бұл туралы Еңбекшіқазақ ауданының әкімдігі мәлімдеді деп хабарлайды bairaqmedia.kz

Әкімдіктегілер аудандағы елдімекендерге төніп тұрған ешқандай қауіп жоқ дейді.

Қауіптің алдын алу мақсатында “Қазгипроводхоз” институтының мамандары бөгеттің құрылымын қосымша тексеріп жатыр. Оқиға орнында Алматы облысы Төтенше жағдайлар департаментінің, аудан әкімдігінің және Д.Қонаев атындағы Үлкен Алматы каналының мамандары кезекшілік етуде. Жағдай толық бақылауда. Су деңгейіне және гидротехникалық құрылымның жай-күйіне тұрақты мониторинг жүргізілуде, - делінген ресми хабарламада.

Яғни, қазір Бартоғай су қоймасындағы жағдай тұрақты. Барлық қызметтер штаттық режимде жұмыс істеуде.

Бүгін әлеуметтік желілерде Бартоғай су қоймасынан қауіп төнгені туралы ақпарат тараған болатын. Онда Еңбекшіқазақ ауданының әкімдігі мен құтқарушылардың тасқынға дайындалып жатқаны туралы, тіпті, жедел штаб құрылғаны жазылған. Бұған қоса, хабарламада халықты қауіпсіз жерге эвакуациялау мәселесі қаралып жатыр делінген. Оның ішінде суы басу қаупі 7 ауылға, яғни, Малыбай, Жаңашаруа, Қайрат, Байсейіт, Шелек, Масақ және Ақтоған ауылдарына төніп тұрғаны жазылыпты.

Айта кетейік, Бартоғай су қоймасы Еңбекшіқазақ ауданына қарасты Шелек ауылынан шығыс бағытта 70 шақырым жерде орналасқан.