Алматы облысында жасөспірімді ұрлап, 5 млн теңге талап еткен (ВИДЕО)

Редактор
19 февр. 2025 г., 21:36
Алматы облысында жасөспірімді ұрлап, 5 млн теңге талап еткен (ВИДЕО)

Алматы облысында жасөспірімді ұрлап, 5 млн теңге талап еткен бопсалаушылар ұсталды, деп хабарлайды Bairaqmedia.kz.

Ақпаратқа сәйкес, олыстық ПД ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасына Балқаш ауданы Миялы ауылының 42 жастағы тұрғыны жүгінген. Әйелдің айтуынша, 2025 жылғы 8 ақпанда сағат 15:00 шамасында Қызыл-Қайрат ауылында белгісіз адамдар оның кәмелетке толмаған ұлын күштеп Hyundai Elantra автокөлігіне отырғызып, белгісіз бағытқа алып кеткен. Оның сөзіне қарағанда, күдіктілер баланы ұрып-соғамыз деп қорқытып, 5 миллион теңге талап еткен.

Аталған фактіге қатысты бопсалау бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеу барысында күдіктілердің жәбірленушіні интернетте жеке видеосын таратамын деп қорқытып, бопсалағаны анықталды – деді полицейлер.

Жедел-іздестіру шаралары барысында полиция қызметкерлері күдіктілерді 500 мың теңгенің бір бөлігін алу кезінде қолға түсірді. Қазір олар уақытша ұстау изоляторына қамалып, тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.